Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Ақсу мешіті медресеге көмек көрсетті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 15.02.2024 462 0 пікір
Павлодар: Ақсу мешіті медресеге көмек көрсетті

Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі – Діни басқарма қолдауымен 2009 жылы ашылған исламдық арнаулы орта білім беретін оқу мекемесі.

Бүгінгі таңда медреседе 40-қа жуық шәкірт білім алуда. Медреседе білім алып жатқан шәкірттермен білім беруші ұстаздардың қолайлы жағдайын жасау үшін өңірлік мешіттер тұрақты көмек көрсетіп, қолғабыс жасап келеді.

Жуырда Ақсу қалалық мешітінің бас имамы Әбдімүтәли Омаровтың ұйымдастыруымен «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне Ақсу қалалық мешіт атынан бір қой, 850 мың теңгенің азық-түлігі және қаржылай қайырымдылық көмегі жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру