Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Діни оңалту бағытында семинар өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 15.02.2024 472 0 пікір
Маңғыстау: Діни оңалту бағытында семинар өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Діни оңалту» бағыты бойынша имамдарға «Діни оңалту жұмысын ұйымдастыру және оның озық тәжірибелері» атты оқу-семинары өтті.

Шара шымылдығын Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ашып, семинарға қатысушы дін қызметкерлеріне сәттілік тіледі. Өңір имамдарының қатысуымен өткен семинарды Маңғыстауға арнайы іссапармен келген ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы Данияр Кенжалин жүргізді.

Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қажымұқан Серікұлы және басқарма мамандары арнайы қатысты.Қажымұқан Серікұлы өңірдегі діни ахуалды айта отыра,имамдарың қоғамда уағыз айту мәселесіне жіті көңіл бөлу,әлеуметтік желіні пайдаланудағы сөйлеу мәнеріне аса мұқияттылықпен қарау жайлы,мешіттерді тіркеу жөнінде құжаттарды рәсімдеу жұмыстарына тоқталып өтті. Имамдардың қызметінің ең басты бағыттарының бірі – мешітке келуші жамағаттың ауызбіршілігін сақтау, еліміздің, халқымыздың  бейбіт өмір сүруі  үшін аянбай еңбек ету екендігін айтып өтті.

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы Данияр Кенжалин қазіргі таңдағы бөлімнің атқарып жатқан жұмыстарын тілге тиек етіп,діни оңалту бағытында кездесетін мәселелер мен оны тиімді шешуде қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерге тоқталып, жеке тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беріп, ой бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру