Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАСКЕЛЕҢДЕ «БАҚЫТ» ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

muftyat.kz 14.02.2024 631 0 пікір
ҚАСКЕЛЕҢДЕ «БАҚЫТ» ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Бақыт» отбасылық кеңес беру орталығы ашылды.

Игі іс-шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы мен Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, сондай-ақ өңірдегі және Астана, Алматы қалалары, Жамбыл, Жетісу облыстарының әйел ұстаздары, ақжаулықты әжелер қатысты. Ашылу салтанатында қасиетті Құран аяттары оқылып, облыс бас имамы орталық жұмысына береке тіледі.

Айта кетейік, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басындағы Бағдарлық баяндамасында: «Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу, құмар ойындарға тәуелділік жағдайлары да жанға батады. Біз осы ретте мешіттер жанынан ашылған отбасылық кеңес беру орталықтарының жұмысын жандандыруымыз керек. ҚМДБ Әйел-қыздар секторының мамандары да тәрбие жұмыстарына үлес қосып, белсенділік танытуы тиіс» деген болатын.

Орталықтың мақсаты – әйел жамағатына отбасылық кеңес бере отырып еңбекке баулу екенін атай кеткен жөн.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру