Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бас имамның Қамыстыға сапары

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 13.02.2024 560 0 пікір
Қостанай: Бас имамның Қамыстыға сапары

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет арнайы іссапармен Қамыстыда болды.

Ол аудандық әкімдікке қарасты барлық ұжыммен кездесті. Бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының осы жылды «Ислам және дәстүр» деп жариялағанына тоқталып, осынау бағдарламалық баяндаманың мәні мен мақсатын жан-жақты түсіндірді. Өскелең ұрпақты дініміздің баға жетпес құндылықтары және ұлттық дәстүрімізбен тығыз ұштастырып, патриоттық рухта тәрбиелеу қажеттігін сөз етті.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Айдын Шеденов бас имамға әкім және барлық қызметкерлердің атынан ерекше алғысын білдіріп, жауапты қызметінде табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру