Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Бас имам шәкірттерді Алаш арыстарынан үлгі алуға шақырды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 13.02.2024 546 0 пікір
Атырау: Бас имам шәкірттерді Алаш арыстарынан үлгі алуға шақырды

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Әл-Фараби атындағы Binom мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, насихат айтты.

Кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы білім алудың маңызы, жастық шақты рухани дамуға, жеке тұлға ретінде жетілуге, ізденуге жұмсауға шақырды.

«Адамның тұлға болып қалыптасуына әсер ететін бірден бір фактор – білім алу. Хандық дәуірді қоса алғанда, қазақ даласынан талай ғалымдар, зиялы тарихи тұлғалар шыққан. Алаш арыстары біздіңше, бүгінгі қазақ жастарына үлгі бола алады. Өз дәуірінен озып туған тұлғаларымыздың білімге, ғылымға, жаңаны меңгеруге деген ынтызарлықтары ерекше. Сіздер еліміздің дара жолын жасайтын ұрпақсыздар. Уақыттарыңызды білім алуға жұмсаңыздар» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.

Кездесуді Атырау облысы дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру