Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: Бас имам «Тайқазан» қайырымдылық шарасына қатысты

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 12.02.2024 552 0 пікір
Алматы облысы: Бас имам «Тайқазан» қайырымдылық шарасына қатысты

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы мен дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.

«Сынаққа сабыр ету – мұсылманның сипаты. Қиындыққа еш мойымаңыздар. Бала-шағаларыңыздың қызығын көріңіздер. Сіздердің отбасыларыңызда елім, жерім дейтін салиқалы азаматтар өсе берсін», - деп облыс бас имамы жиналған көпшілік қауымға батасын берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру