Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде пәтуа жөнінде семинар өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 10.02.2024 378 0 пікір
Өскеменде пәтуа жөнінде семинар өтті

ҚМДБ ШҚО өкілдігінің бастамасымен Ғұламалар кеңесі жариялаған пәтуаларды насихаттауға байланысты «Пәтуаны насихаттаудың өзектілігі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі қатысып, аудан, қала имамдарына пәтуаларды насихаттаудың маңызы жайлы айтты.

«Халықтан пәтуаға қатысты өзекті сауалдар жиі қойылады. Сонықтан бұл саладағы шешімдерді жұртшылыққа кең көлемде насихаттаудың маңызы ерекше. Пәтуаларды насихаттау ісі халыққа дұрыс діни ақпарат берудің алғы шарты. Пәтуалар туралы сұрақтар көп болатындықтан арнайы пәтуа сағаттарын өткізіп тұрудың маңызы да зор. Бүгінгі жиында пәтуа берудің ережесімен әдептері сараланады» деді пәтуа маманы.

Семинарда пәтуа берудің әдіс тәсілдері, заманауи мәселелерге пәтуа берудің дұрыс жолы мен әдебі қатарлы мәселелер қаралып, кейбір пәтуалар талқыланды. Ол сонымен қатар имамдарға ҚМДБ-ның бірқатар пәтуаларын таныстырды. Жиында аудандық, қалалық мешіттердің бас имамдары пәтуаға жауапты маманға сауалдарын қойып, жауап алды. Жиында пәтуаның өзектілігі айтылып, насихат шараларына арналған алдағы жоба-жоспарлар ортаға салынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру