«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылындағы «Майбұлақ» мешітінде ғасырлар бойы ислам дінін ұстанған қазақ халқының рухани өміріндегі бата беру дәстүрін жалғастыру мақсатында аудан ақсақалдары арасында «Батамен ел көгереді» тақырыбында бата беру сайысы ұйымдастырылды.
Үш кезеңнен тұратын сайысқа қатысқан 10 қарияның қазақтың рухани қазынасын көрсете білуі мен мәнер-мақамы, берген баталарының тәрбиелік мәні бағаланды. Жүлделі орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар беріліп, өзге қатысушыларға шапан жабылып, құрмет көрсетілді. «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелеріне камзол кигізілді.
Шара соңында жиналған қауым үшін мешіт асханасында ақ дастарқан жайылып, қазақтың атадан балаға мирас болып келе жатқан бата беру дәстүрі үзілмесін деген ниетпен «Ақ бата» атты кітапшалар және жайнамаздар таратылды. Өз кезегінде қазыналы қарияларымыз бен ақжаулықты аналарымыз «Майбұлақ» мешітінің ұжымына халықтың атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
hilal.kz
09.02.2024
1965
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру