Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНІҢ ИМАМДАРЫНА АТТЕСТАТТАУ ӨТТІ

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 09.02.2024 812 0 пікір
БАТЫС ӨҢІРЛЕРІНІҢ ИМАМДАРЫНА АТТЕСТАТТАУ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, сондай-ақ Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Берікбол Жанақовтың қатысуымен Атырау және Батыс өңірлерінің жаңадан қызметке тағайындалған дін қызметкерлеріне аттестаттау өтті.

Атырау қаласында өтіп жатқан аттестаттау шарасына облыстың 10 және өзге өңірлерден 5 жаңа қызметкер қатысты. Аттестаттау ережесіне сай имамдар ауызша сұрақ-жауап бойынша қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ концептуалды құжаттары бойынша жауап берсе, тестілік тапсырма аясында ақида, фиқһ, ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) аясында тапсырмалар орындады.

Екі күндік аттестаттау барысында имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар да ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру