Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Имамдарға арнайы семинар ұйымдастырылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 09.02.2024 693 0 пікір
Атырау: Имамдарға арнайы семинар ұйымдастырылды

Атырауда өңір имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

Оған облысқа арнайы іссапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы және Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Берікбол Мергенбайұлы қатысты.  

Семинар барысында наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы дін қызметкерлі шариғи тұрғыда сауатты болу керек екендігін жеткізді.

«Имам қоғамның айнасы болуы керек. Діннің атынан сөйлеген кезде, пәтуа мәселесінде өте жауапкершілікті талап етеді. Білмеген сұрақтарға арнайы пәтуа мамандарымен кеңесіп отырыңыздар. Қасиетті Құран мен Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін басшылыққа ала отырып кеңес беру маңызды», - деді.

Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы дін мен дәстүр, қайырымдылық құндылықтардың маңыздылығы турасында дәріс оқыды.

«Қазіргі таңда Аллаға шүкір халық діни сауаттанып келеді. Біз асыл дініміздің құндылықтарын насихаттай отырып, кешегі бабалардан қалған мол мұраларды да дінмен сабақтастыра отырып халыққа жеткіземіз. Көпшіліктің деңгейінде болу, пікір алмасу арқылы дәрежеміз өседі», - деп сөзін түйіндеді.

Семинар барысында имамдардың сауалдарына жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру