Ақмола облысында «Бурабай» мешіті қасиетті Ережеп айының құрметіне Щучинск қаласының мекемелері арасында волейбол спортынан турнир өткізді.
Оның мақсаты – әр командадан жиналған жиырма мың теңге көлеміндегі жарнаны мұқтаж адамдарға қайырымдылыққа жұмсау. Бұл Бас мүфтидің ізгі қоғам құру жөніндегі идеясымен де орайлас келеді. Бір жағынан дін мен дәстүрді қатар дамытуға көңіл бөлініп отырғанда, қоғамдағы мұқтаждар мәселесін де ұмытуға болмайды.
Сонымен бұл спорт сайысына он екі команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қорытындысында «Жұмысшы астық» құрама командасы жарыс жеңімпазы атанды. Ал, Бурабай аудандық мешіті және «Кіндікқарағай» командалары қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
08.02.2024
1347
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру