Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас мүфти кеңесшісі имамдармен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 08.02.2024 798 0 пікір
ШҚО: Бас мүфти кеңесшісі имамдармен кездесті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай Шығыс Қазақстан облысына сапар барысында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғимаратында аудан, қала бас имамдарымен кездесті.

 Бас мүфти кеңесшісі: «Діни басқарма тарапынан Бас мүфти хазіреттің бастамасымен имамдарға жалақы тағайындап, жағдай жасалып жатыр. Себебі діни қызмет аса абыройлы жұмыс, бірақ оған қойылатын талап күшейе түсуде. Әрбір имам заман ағысынан қалмай өзінің білімі мен біліктілігін ұдайы шыңдап отыру қажет. Имамдарға қажетті кітаптар мен әдістемелік құралдар діни басқармадан жыл сайын жеткілікті шығарылып келеді. Имамдардың алдында зор мақсаттар мен міндеттер тұр» дей келе, діни басқарманың билығы мақсат міндеттері, Бас мүфтидің «Бағдарламалық баяндамасына» тоқталып, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы қарсаңында атқарылатын келелі шаруалар туралы айтып өтті. Сонымен қатар өңір имамдарының сұрақтарына жауап берді.

Жиын барысында ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы өңірде атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндап, алдағы міндеттерге тоқталды. Бас имам сонымен қатар шығыс өлкеге арнайы келіп, алқалы іс-шараларға қатысып және имамдарға арнайы кеңес берген Кенжетай Байкемелұлына және бөлім мамандарына алғыс білдірді.

Бұдан кейін Бас мүфти кеңесшісі облыстық «Халифа Алтай» мешітіндегі «Ислам мәдениеті» мұражайын аралап көрді. ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы Бас мүфтидің кеңесшісі бастаған құрметті қонақтарға мұражайды аралатып, таныстырды. Мұражаймен танысу барысында Кенжетай Байкемелұлы: «Біз тарихы бай, келешегі кемел ұлтпыз. «Ислам мәдениеті» мұражайының мешітте ашылуы ұлтымыздың тарихи санасын жаңғыртып, мешіттердің мәдени-ғылыми орталыққа айналуына өз ықпалын тигізеді» деп, мұражайдың маңызы жайлы айтып өтті.

Бас имам Ермек Қасболатұлы: «Бірнеше жылдың алдында жергілікті биліктің атсалысуымен мешітімізде «Ислам мәдениеті» мұражайы ашылды. Мұнда ислам тарихымен қатар сонау сақ, ғұн дәуірінен бастап ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін мұралар бар» дей келе, бүгінгі таңда жастар, оқушылар, әр мемлекеттен келген туристер, басқа облыстардан қонақтар келіп тамашалап, тарихымызбен танысады» деді. 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарияланған «Ислам және дәстүр құндылығы» жылының аясында мұражай қорын толықтыру туралы жұмыстарды қолға алып жатқандығын жеткізді. Кенжетай Байкемелұлы лтымыздың бай тарихына қатысты жәдігерлермен көне жазбалардың замануи электронды нұсқасын тамашалап, мұражайды жоғары бағалады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру