Павлодар қаласында орналасқан «Мәшһүр Жүсіп» Құран жаттау орталығында тағы бір шәкірт екі жыл ішінде өзінің ынтасы мен ықыласының арқасында Құран Кәрімді толық жаттап шықты.
Құран жаттау орталығының ұстазы Арыстанның жетекшілік етуімен павлодарлық Бекзат Сәбитұлы қасиетті Құран Кәрімді бастан-аяқ жаттап, ұстаздарының батасын алды.
Осы жақсы жаңалықты Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мешітке жиналған жамағатқа жариялап құттықтаса, Ерболат есімді жамағат Бекзат қариға ұмра қажылығына жолдаманы сыйға тартты.
Алла Тағала баршамыздың зейінімізді ашып, жүрегімізді Құранмен нұрландырсын!




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
06.02.2024
1561
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру