Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әбу Ханифа»: Дін істері комитеті өкілі шәкірттермен кездесті

abu-hanifa.kz 02.02.2024 592 0 пікір
«Әбу Ханифа»: Дін істері комитеті өкілі шәкірттермен кездесті

Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары  Бауыржан Бакиров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысты. 

Медресе-колледж директоры Құлмұхаммед Маханбет медреседе жүріп жатқан жұмыстар туралы қысқаша баян етіп, сөз кезегін қонаққа берді.

Кездесу аясында Дін істері комитеті төрағасының орынбасары  Бауыржан Жалелұлы болашақ руханият һәм дін қызметкерлеріне өзінің ағалық кеңесін айтып, заман көшінен қалып қоймай, білімді болуға, еліміздің руханиятына еңбек етуге шақырды. Сонымен қатар, діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты бірқатар өзекті мәселелерге жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру