ҚМДБ «Уақып» қорына қарасты Жетісу облысындағы «Талдықорған» қайырымдылық мекемесінде тағы бір шәкірт Құран Кәрімді толық жаттап шықты.
Осы орталықта Құранды толық жаттаған 22-қариды облыс бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы арнайы құттықтап, салтанатты жиында «Құран иесі болудың маңызы» жайлы өнегелі уағыз айтты. Сөз соңында Құранды толық жаттап шығып, хафиз атанған екі қариға ұмра қажылығына жолдама және 300 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыстады.
Одан бөлек, мекеме директоры Нұрбол қариға шипажайға жолдама берілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
taglim.kz
02.02.2024
1763
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру