Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр жастарымен танымдық кездесу өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 01.02.2024 602 0 пікір
Сыр жастарымен танымдық кездесу өтті

ҚМДБ Жастар ісі секторының Қызылорда облыстық өкілдігі және облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сыр жастарымен ізгі қоғам» тағылымдық-танымдық кездесуі өтті.

Аталмыш шараға қаладағы оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері, студенттер мен аймақтағы жастар ұйымдарының жетекшілері қатысып, өзекті мәселелер төңірегінде ой қозғады.

Нақтырақ айтар болсақ, облыстың бас имамы Дастан Құрманбаев «Ұрпақ тәрбиесі – болашақ кепілі» тақырыбында насихат айтса, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бахтияр Оспанов «Исламдағы отбасы құндылықтары» жайлы, «Сенімен болашақ» РҚБ-ның Қызылорда облыстық филиал басшысы Шәкизат Қаратай «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» турасында сөз сөйледі.

Сонымен қатар «Құмар ойындарға тәуелділік» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру