Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды имамдары жыл жоспарын бекітті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 01.02.2024 533 0 пікір
Қарағанды имамдары жыл жоспарын бекітті

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өңір имамдарының 2024 жылға арналған алғашқы жиыны өтті.

Жиынға Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Жанболат Ахуанұлы, қала, аудан, ауыл имамдары, мешіт ұстаздары мен бөлім басшылары қатысып, «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныс болды.

Облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы жуырда Астана қаласында өткен ҚМДБ-ның 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларын қала, аудан имамдарына кеңінен таныстырып, нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, бес бағыттың жұмысын қарқынды атқару, өңірдегі барлық мешіттердің жедел байланыс орнату, діни басқарманың тапсырмаларын уақытылы орындау, бес бағыт бойынша есеп беру, дін мен дәстүрдің байланысын насихаттау, жамағатпен жұмысты жаңаша бағытта үйлестіру қатарлы шараларға тоқталды.

Жиын соңында 2023 жылы белсенді жұмыс атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру