Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак ректоры – Шымкент шаһарында

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 31.01.2024 1379 0 пікір
Нұр-Мүбарак ректоры – Шымкент шаһарында

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінде орналасқан Нұр-Мүбарак университетіне дайындық оқу базасында арнайы семинар ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Шымкент қаласына арнайы сапармен келген «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор-ғалым Мухаммад Ашшаххат Әль-Жинди мырза, осы оқу ордасының ректор кеңесшісі, ұстаз Рахымжан Әкімбаев пен университетке дайындық курстарына жауапты бас маман Жарқын Еркінұлы, мысырлық ұстаз, ғылым докторы Ахмад Камал, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетіне дайындық курсының жетекшісі Ералы Есенкелдиев, ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Ұйымдастырылған семинарда Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор-ғалым Мухаммад Ашшаххат Әль-Жинди мырза дайындық курсының тыныс-тіршілігімен қатысып, тәлім алып жатқан шәкірттермен кездесіп, арнайы дәріс оқыды.

Кездесу аясындағы үлкен жаңалық болды, яғни ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үлкен қолдауымен және аталмыш оқу ордасының ректорының шешімімен ендігі жерде Шымкент қаласындағы дайындық курсында мысырлық ұстаз, ғылым докторы Ахмад Камал дәріс береді. Басқосу аясында мәртебелі қонақтар мен ұстаздарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ризалық білдіріп, алғысын айттып, сый-құрмет көрсетті.

Бұдан кейін «Шымкент» медресе-колледжінде «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Ілім – сарқылмас қазына» атты танымдық-рухани семинары өтті. Семинарға Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор-ғалым Мухаммад Ашшаххат Әль-Жинди, осы оқу ордасының ректор кеңесшісі, ұстаз Рахымжан Әкімбаев пен университетке дайындық курстарына жауапты бас маман Жарқын Еркінұлы, мысырлық ұстаз, ғылым докторы Ахмад Камал, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қалалық Нұр-Мүбарак университетіне дайындық курсының жетекшісі Ералы Есенкелдиев, ұстаздар мен студенттер қатысты.

Оқу орнында ұйымдастырылған игі шараны шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ашып, жүргізіп отырды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарда «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор-ғалым Мухаммад Ашшаххат Әль-Жинди мырза «Иман, Ислам , Ихсан» тақырыбы аясында шәкірттерге дәріс оқыды. Басқосу аясында мәртебелі қонақтар мен ұстаздарға «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай ризалық білдіріп, алғыс айтып, сый-құрмет көрсетті.

Айта кетсек, Шымкент қаласы Нұр-Мүбарак университетіне дайындық курсына 5 жыл толып отыр. Осы жылдары тәлім алған барлық шәкірттер білімдерін шыңдап, университетке грантқа түсіп, тегін оқу мәртебесіне ие болуда. Бүгінде күні дайындық бөлімінде 40 шәкірт тәлім алып жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру