Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Уақып» қорының «Руханият» дүкені ашылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 31.01.2024 652 0 пікір
Маңғыстау: «Уақып» қорының «Руханият» дүкені ашылды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ауласында ҚМДБ «Уақып» қорының «Руханият» дүкені ашылды.

Ашылу салтанатына ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы, облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, ақсақалдар қатысты. Мұсылман заттарын сататын діни дүкеннің ашудағы мақсат – «Уақып» қорының қаржылық қауқарын қалыптастыру, діни, рухани, тағылымдық кітаптар  оқу арқылы ұлттық құндылықтарды оқырманның бойына сіңіру, кітап саласын одан әрі жетілдіре түсу.

Кітап – сарқылмас қазына, баға жетпес құндылықтың бірі. «Артық білім – кітапта» демекші, адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім және ғылым қазынасы. Оның ішінде Ислам ғылым-білімінің адам баласының сан ғасырлық ақыл-ой жемісіне, тарихы мен тағылымының алтын сандығына қосқан үлесі зор. Осынау алдыңғы ұрпақтың қалдырған рухани өсиеті саналатын бай мұрамызды, Ислам ғалымдарының асыл қазынасын келер ұрпаққа жеткізу –біздің мақсатымыз.Бүгінгі  «Руханият» дүкеннің ашылуы да  сауабы мол  игі істің бірі»-деді облыстың бас имамы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру