Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам «Сарыағаш» студенттерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 30.01.2024 781 0 пікір
ШҚО: Бас имам «Сарыағаш» студенттерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек Қасболатұлы Түркістан облысындағы «Сарыағаш» медресе-колледжінің студент жастарымен кездесті.

Сапар Шығыс Қазақстан облысының аудан, ауылдық мешіттеріне қызметке жоғары діни білімді жас мамандарды тарту бағыты бойынша жоспарланған болатын.

Бас имам кездесуде: «Өңір мешіттерін жас мамандармен қанымдау бүгінгі күннің басты талабы. Халықтың діни сауаттылығын арттыру, ислам қағидаларын және адамгершілік асыл құндылықтарды насихаттау жолында жас мамандардың өңірге қызметке келуінің маңызы ерекше болып отыр. Қызметке барған жас мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға барынша назар аударылады» деп атап өтіп, діни қызметтің абзалдығы жайлы кең көлемде баяндап өтті.

Бас имам сонымен қатар жұмысқа келген мамандарды тұрақты жалақы және баспанамен қамтамасыз ету, еңбек шарттары, зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы, сондай-ақ үздіксіз оқу, кәсіби және мансаптық деңгейде өсу, еліміздің діни мекемелерінде біліктілігін арттыру мүмкіндігі қарастырылғандығын жеткізді.

Ермек Қасболатұлы кездесу барысында өңірде діни мамандар жетіспеушілігі бар екендігін айта келе, қазіргі таңда діни мамандардың қажеттілігі туындап тұрған мешіттердің мәселесін шешіп, имамдармен қанымдау жолында жергілікті әкімдіктермен байланыс орнатып, жатқандығына да тоқталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру