Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Алдағы міндеттер сараланды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 30.01.2024 632 0 пікір
Қостанай: Алдағы міндеттер сараланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2024 жыл діни қызмет аясында «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы болып жарияланды. Осыған орай Қостанай облыстық мешітінде жылдың алғашқы жиыны өтті.

Оған өңірдегі аудандар мен қалалардың бас имамдары, дін қызметкерлері қатысты. Облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет Бас мүфтидің бағдарламалық баяндамасы жайлы жан-жақты айтып берді. Имамдардың алдында тұрған міндеттері мен атқарылар нақты жұмыс жоспарына тоқталды.

Сондай-ақ имамдардың басқосуында Бахытбек Нұрғабылұлы былтыр атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Бас мүфтидің атынан бірқатар имамдарды құттықтап, оларға арнайы алғыс хаттарды табыс етті. Олардың қатарында облыстық мешіттің наиб имамы Әлішер Балахмет, Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев, Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің бас имамы Есенгелді Әжімахантегі, Қарасу ауданының бас имамы Халық Әбсаттаров, Қостанай ауданына қарасты «Алтын дала» ауылдық мешітінің молдасы Берік Хамитұлы бар. Бұдан бөлек ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін Қарасу ауданының бас имамы Халық Әбсаттаровқа шипажайға жолдама берілді. Облыс бас имамы Бахытбек Тәжімбет өңірде адал еңбегімен дараланған және дін саласында қызмет атқарып жатқан 12 адамға алғыс хат табыс етті. Мәселен, облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешіті – «Ең үздік қала мешіті», «Тойғанша ана» мешіті – «Ең үздік ауыл мешіті» атанды. Марапатқа ие болғандардың қатарында «Үздік мешіт тазалықшысы» деген номинация да бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру