Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Қариялар – ізгіліктің қазығы» рухани шарасы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 29.01.2024 670 0 пікір
Шымкент: «Қариялар – ізгіліктің қазығы» рухани шарасы өтті

ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен ізгі қоғам бағытында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де «Қариялар – ізгіліктің қазығы» рухани қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, аудан бас имамы Ахметжан Керімбек, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері Айбек Азимбаев, Ержігіт Мамытұлы, қалалық «Әжелер» мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова бастаған әжерелеріміз қатысты.

Рухани шара Қасиетті Құран оқумен басталды. Әуелгі құттықтау сөзді шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына берілді. Бұл игі шара ҚМДБ-ның дін мен дәстүр және ізгі қоғам бағыты аясында өткізіліп жатқанын айрықша атап өтті.

Рухани шара аясында ақ дастархан жайылып, дәстүрге сәйкес 175 қария ата-әжемізге тақия, орамал тарту етті.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында мекеме басшысы Шарбан Оразәліқызының атынан орынбасары Тәтті Ахметова ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдеріне, қалалық «Әжелер» мектебінің мүшелеріне алғыс айтып, ризалық білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру