Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Білімді имам – қоғам айнасы» атты имамдардың білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізілді.
Танымдық шараға Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары мен ұстаздары қатысты. Семинарды Маңғыстауға арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы және «Уақып» қорының төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы өткізді.
Семинар аясында Смайыл Сүйерқұлұлы «Ислам тарихы: Әділетті халифалар» кезеңінен дәріс оқыса, Ардақ Нүсіпханұлы «Уақып – Алланың мүлкі» тақырыбында имамдарға арнайы дәріс оқыды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
29.01.2024
1910
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру