Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары 2024 жылдың жұмыс жоспарын бекітті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 27.01.2024 727 0 пікір
Маңғыстау имамдары 2024 жылдың жұмыс жоспарын бекітті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде  2024 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен өткен жиынға аудан-қала имамдары,мешіт ұстаздары қатысып,«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды. Жуырда өткен ҚМДБ-ның 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларын қала, аудан имамдарына кеңінен таныстырып, нақты тапсырмалар берді.

Биыл мүфтият жұмысты одан ары жүйелеу, жандандыру мақсатында бес бағытқа басымдық береді. Олар – дін мен дәстүр; ізгі қоғам; ихсан және насихат; діни оқу-ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру.Сондай -ақ имамдар осы жылы да дәстүрлі бес бағыт бойынша жұмыс атқарады.

Жиын соңында ардагер имамдар, мешіт бас имамдары «Бекет ата мешітіне 20 жыл» атты арнайы төсбелгілермен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру