Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық өңірінің имамдары жиын өткізді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 27.01.2024 718 0 пікір
Ақжайық өңірінің имамдары жиын өткізді

Орал қаласындағы орталық «Ар-Рахман» мешітінде өңір имамдарының жиналысы өтті.

БҚО бас имамы Самат Қанатқалиұлының басшылығымен өткен жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына сәйкес жылдық жоспар пысықталды.

Облыс имамы Самат Әлібаев сөз алып, Бас мүфтидің Бағдарлық баяндамасында айтылғандай биылғы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылында атқарылатын айтулы шараларды кеңінен айтып, жауапты имамдарға уақытылы орындауды, үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Өткен жылғы жылдық есепті тапсыруда ондық ішіне ендік. Бұл еңбек баршаларыңыздың елеулі еңбектеріңіз, деп білемін. Осы жылы да аянбай еңбек етуге шақырып, өзгерістер мен жаңашылдықтарды тілге тиек етті.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 5 бағыт, 28-ге жуық бөлім мен сектор жұмыстарына бекітілген жауаптылар сөз сөйлеп, жауапты имамдар тағайындалды.

Шара соңында бас имам имандылық жолындағы имамдардың еңбектерін бағалап, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің алғыс хатымен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру