Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысының имамдары алқалы жиында бас қосты

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 26.01.2024 620 0 пікір
Алматы облысының имамдары алқалы жиында бас қосты

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының төрағалық етуімен өңір имамдары 2024 жылдың алғашқы жиналысын өткізді.

Облыс бас имамы Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарының  бас имамдары мен жұмыс бағыттары бойынша жауапты қызметкерлеріне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына байланысты Бағдарлық баяндамасын таныстырды.

Сонымен қатар Мадияр қажы Тағайбайұлы имамдар осы жылы да «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттарына басымдық беруі керектігін ескертіп, нақты тапсырмалар берді.

Жиын қортындысында 2023 жылы белсенді жұмыс атқарған қала, аудан, ауыл имамдары Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру