Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Уақып жөнінде ақпараттық семинар өтті

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 23.01.2024 884 0 пікір
Қостанай: Уақып жөнінде ақпараттық семинар өтті

Қостанай облыстық орталық мешітінде «Уақып – сарқылмайтын сауап» тақырыбында ақпараттық-насихат семинары өтті.

Семинарға «Уақып» қорының өкілі, «Waqyp Invest» басқарушы компаниясының директоры Мәулет Тұрғамбеков, облыс бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы, жауапты маман Бектұрсын Уәлиев және облысқа қарасты барлық аудан қала имамдары қатысты. Семинарда жалпы уақып жайлы жан-жақты мағұлмат айтылды. Уақып – сарқылмайтын сауап, яғни адам дүниеден өтіп кетсе де, соңынан тоқтамай сауап барып тұратын амал екені айтылып, уақыпқа дүние қалдырудың бірнеше жолдары бар екеніне тоқталды. Атап айтар болсақ: көпір салу, діни орталық ашу, мешіт-медресе салу, баспанамен қамтамасыз ету т.б. түрлері аталды.

Сондай-ақ семинарда «Ruhanyat» жобасы аясында дүкендер ашып, кәсіпкерлерге жан-жақты насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды. Уақып өкілі әсіресе кәсіпкерлермен біріккен қайырымдылық жасауға арналған жоба туралы түсіндірмеге ерекше тоқталып өтті. Семинар соңында қатысушылардың сауалдарына байланысты тұшымды жауаптар беріліп, тақырып аясында біраз мәселелер қозғалды.

Уақып өкілі Мәулет Тұрғамбеков қазіргі таңда қала мешіттерінде діни заттар сататын дүңгіршек-дүкен иелерімен де арнайы кездесіп, қор жайлы түсінік берді. Алдағы уақыттарда мешіт аулаларындағы дүкен-павильондардың құрылысы заманға сай, бекітілген жоба бойынша әсем де көркем болуы қажет екенін түсіндіп берді. Жиынға қатысқан кәіспкерлер де өз тарапынан көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру