Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Райымбек ауданына жаңадан бас имам тағайындалды

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 23.01.2024 809 0 пікір
Райымбек ауданына жаңадан бас имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Алматы облысының Райымбек ауданына жаңадан бас имам тағайындалды.​

Бас мүфти бұйрығын жамағат алдында облыс бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы оқып, құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына Азамат Бексұлтанұлын таныстырды. Жаңадан тағайындалған имамның​ қызметіне сәттілік тіледі.​ Сондай-ақ, Мадияр Тағайбайұлы бұған дейін​ Райымбек ауданының бас имамы қызметін атқарған​ Манап Исаболға​ алғыс айтты.

Сапар барысында облыс бас имамы Райымбек ауданының әкімі​ Берік Фатықұлымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі, діни ахуал​ және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұдан бөлек, облыс бас имамы аудан басшысына аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінің жаңа бас имамы Азамат Бексұлтанұлын таныстырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру