Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Балаларға қолдау көрсетті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 22.01.2024 880 0 пікір
Қарағанды: Балаларға қолдау көрсетті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі тағдырдың кермек дәмін татып келе жатқан мүгедектігі бар науқас балаларды зиярат етіп, құрмет көрсетті.

Атап айтқанда «Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» арнайы барып, дастарқан жайды. «Зекет және қайырымдылық» қорының өңір бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы науқас жандарға өзінің ыстық лебізін білдіріп, қор атынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ, науқас жандардың дертіне Алла Тағаладан шипа сұрап, дұға жасады.

Мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін елеп-ескерген Қарағанды өңірінің бас имамына және «Зекет және қайырымдылық» қорына шексіз алғыстарын білдіріп, жәрдемдері мен жанашырлықтары үшін ризашылығын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру