Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда 6 кәсіпорын сертификатталды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 22.01.2024 928 0 пікір
Алматыда 6 кәсіпорын сертификатталды

ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің Алматы қаласы бойынша өкілдігінде бірнеше кәсіпорын ұсынған өнімінің адалдығын дәлелдеп, «QMDB Halal» сертификатына ие болды.

Алматы қаласындағы «Аброй Групп» және «Nur-Mak.ko» шұжық өндірісі, «Waffle», «Del Cappuccino», «Master coffee» тамақтану орындары, «Asatu» кондитерлік цехы халал стандартына сай сертификатталды. Әр кәсіптің басын ұстаған белді кәсіпкерлер жергілікті өкілдікке жиналып, ресми түрде «QMDB Halal» сертификаты табысталды. 

Кәсіпкерлерге халал сертификатын ҚМДБ «Халал даму» бөлімі Алматы қаласы бойынша өкілдігінің жауапты маманы Ерлан Тайлақов табыстады. «Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын! Кәсіптеріңіз өрлеп, істеріңіз дами бергей! Алдағы уақытта тұрақты аудит жұмыстарын орындап, бірлескен жобаларды жалғастырамыз деп сенемін!», – деді жауапты өкіл. 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру