Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр имамдарының алқалы жиыны өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 22.01.2024 749 0 пікір
Сыр имамдарының алқалы жиыны өтті

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өңірдің бас имамы Дастан Құрманбаевтың төрағалығымен имамдардың алқалы жиыны өтті.

Аймақтағы қалалық және аудандық мешіттердің имамдары қатысқан жиналыста облыстың бас имамы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы баса назар аударылуы тиіс бес бағыт: «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бойынша ҚМДБ тарапынан бекітілген жұмыс жүргізу жоспарын таныстырды.

Нақтырақ айтар болсақ, отбасы мәселелерін шешуге қатысты және жастармен жүейлі жұмыс жүргізуге ерекше көңіл бөлу қажеттігін алға тартып, уағыз айту әдебі, оқу-ағарту, насихат жұмыстарында заманауи тиімді тәсілдерді қолдану, жамағатпен, қоғаммен тығыз байланыс орнату, рухани ұлттық құндылықтарды, дін мен дәстүрді дәріптейтін іс-шараларды көбірек ұйымдастыру, жат ағым арбауынан сақтандыру, өңірді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, дін қызметкерлерінің тұлғалық бейнесін қалыптастыру, мешіт тазалығы, құжаттамаларын реттеу жұмыстарын жүйелі атқарып, көркем мәміледе насихаттауды тапсырды.

Жиын соңында Дастан Жанасұлы «ардагер имам» – Белкөл кентінде орналасқан «Қалмұхаммед ишан» мешітінің имамы Дайрабай Серікбайұлына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру