Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС ИМАМ ҚАЖЫЛЫҚ ЖОЛДАМАСЫН МЕШІТ ТАЗАЛЫҚШЫСЫНА ТАРТУ ЕТТІ

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 16.01.2024 1118 0 пікір
БАС ИМАМ ҚАЖЫЛЫҚ ЖОЛДАМАСЫН МЕШІТ ТАЗАЛЫҚШЫСЫНА ТАРТУ ЕТТІ

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы өзіне берілген кіші қажылық жолдамасын мешіт тазалықшысына тарту етті.

Мешіт жамағаты ала жаздай құлшылық ордасында жүргізілген кеңейту, қайта жөндеу, әрлеу жұмыстарына ризашылығын білдіріп, күрделі жұмысқа бастамашы болған бас имам Руслан Байзақовқа ұмра қажылығына жолдама тарту етті. Бас имам қасиетті жұма күні өзіне тарту етілген сыйлықта қабыл алып, жамағатқа ризашылығын білдіре отырып, кіші қажылық жолдамасын мешіт тазалықшысына ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Байзақов бас имам болып тағайындалғаннан кейін мешіт тазалықшыларын кезек-кезегімен, демеуші азаматтардың қолдауымен кіші қажылыққа жіберген болатын. Бұл жолы жолдама сыйлаған қызметкер бұрын кіші қажылыққа бармаған еді. Оның да сәті түсіп, Алла нәсіп етті.

Бұл игі іске себеп болған әрбір ағайынға азаматтық алғыс білдіреміз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру