Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Бас имам – Бөрлі ауданында

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 12.01.2024 1181 0 пікір
БҚО: Бас имам – Бөрлі ауданында

Жақында Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаев Бөрлі ауданында болып, діни ахуалмен танысты.

Бас имамды аудан әкімі Еркебұлан Нұритдинұлы арнайы қабылдап, діни ахуал жайында сөз болып, бірлесе еңбек етуге келісіп, ортақ жоспарлар бекітілді.

Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Ерденбек Ихсановтың ұйымдастыруымен ауданның ақсақалдары Самат Қанатқалиұлымен еркін жүздесіп, үлкенге құрмет жайында сөз қозғаса, ақжаулықты әжелермен жүздесу сәтінде аналар жайында уағыз айтып, әженің тәрбиесінде өскен балалар қазақ ертегілерін бойына сіңіріп, білімге құштар болатындығын жеткізді.

Бас имам Бөрлі аудандық мешітінің имамдарымен жеке-жеке танысып, ҚМДБ-ның бес бағыт бағдарын басшылыққа ала отырып одан ары жұмысты күшейту керек екендігін атап айтты. Аудан имамы орындалатын жоспарларын бөлісіп, алдағы істелер істерін ортаға салып, ортақ шешімдер бекітілді.

Облыс бас имамы мешіттің жамағатымен ақдастархан басында кездесіп, жиналғандарға «Ынтымақ пен бірлік» турасында уағыз айтып, жамағаттың толғандырған сауалдарына жауап беріп, жақсы көңілмен тарасты.

Облыс орталық мешітінің бас имамы Самат Қанатқали Бөрлі ауданының имамы Ерденбек Жанұзақұлының жұмысына оң баға берумен іс-сапарын аяқтады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру