Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Сауат ашу курсы мәресіне жетті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 11.01.2024 1364 0 пікір
ШҚО: Сауат ашу курсы мәресіне жетті

ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігі оқушылардың қысқы демалысына орай «Сауат ашу онкүндігін» өткізді.  

Онкүндік аясында облыс бойынша барлық мешіттерде сауат ашу курстары ұйымдастырылып, 200-ден астам шәкірт алғашқы сатылы білім алды. Оларға Құран әліппесінен және имандылық негіздерінен білім берілді. Қысқа мерзімдік сауат ашу курсының аяқталуына орай облыстық «Халифа Алтай» мешітінде шәкірттерді марапаттау шарасы өтіп, олар алған білімдердін сарапқа салып, Құраннан жарыс ұйымдастырылды.

«Өңір бойынша сауат ашу курсы сәтті жүрілді. Шәкірттер алғашқы күннен бастап ынталы оқыды. Ата-аналары оларды оқудан қалтырған жоқ. Біз оларға барлық мүмкіндікті жасадық. Міне, білімдерінен сынақ алып, шәкірттерді жылдағы дәстүр бойынша марапаттап отырмыз» деп атап өтті «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Бекзат Құсанбаев.

Ең үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер облыстық мешіт және «Уақып» қорынан атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар барлық шәкірттерге үздік оқығаны үшін марапат берілді.

Ата-аналар қауымы балаларына сапалы білім беріп, имандылық нәрін сепкен мешіт ұстаздарына ақ алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру