Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен өкілдіктің жылдық жоспарына сәйкес имамдардың біліктілігін артыру мақсатындағы курс басталды.
Құран курсы 10 қаңтар мен 7 наурыз аралығында Алматы Орталық мешіті мен «Бекет ата» мешітінде өткізіледі. Бұл курста имамдарға тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен құран сүрелерін қатесіз оқу бойынша дәрістер жүргізілмек. Курс мақсаты діни рәсімдерді атқарудағы бір ізділікті қалыптастыру болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін қаланың 50 наиб имамы осындай курсты тәмамдап, арнайы куәлік алған болатын.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
11.01.2024
2479
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру