Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам – Жаңақорған ауданында

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 10.01.2024 892 0 пікір
Қызылорда: Бас имам – Жаңақорған ауданында

Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барды.

Аудан әкімімен кездесуден басталған сапар барысында өңірдегі діни ахуалмен танысып, бірқатар шараларға қатысты. Мұрат Жолкелдіұлымен өткен кездесуде  аудан халқының игілігі мен қоғам тыныштығы үшін бірлесе атқарылатын жұмыстар жайлы сөз қозғалды.

Осыдан кейін бас имам Дастан Жанасұлы аудандағы кент және ауыл мешіттерінің имамдарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады, имамның тұлғалық келбетіне тоқталды.

Сонымен қатар ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Жаңақорған аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Игі істер» қайырымдылық акциясына қатысып, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік қоржынын таратты.

Сапар соңында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойынан ашылған «Айқожа ишан» мешіті мен Қарилар даярлау орталығының және Төменарық ауылындағы «Әбу Бәкір» қайырымдылық мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысып, шәкірттермен сұхбаттасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру