Талдықорған қалалық «Нұр» мешіті Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында зияткерлік білім сайысы өтті.
Шараға қалалық мешіттердің әйелдер жамағаты қатысып, білімін сынады.
Білім сайысына ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жетісу облысындағы жауапты өкілі Әйгерім Орынбасарова, қалалық «Жетісу» мешітінің ұстазы Ақмарал Ринатқызы, қалалық «Нұр» мешітінің ұстазы, әрі сайыс ұйымдастырушы Динара Амантайқызы қазылық етті.
Ақида, фиқһ, ислам тарихы, сирадан арнайы дайындалған тестілік жүйе бойынша бақ сыналған білім сайысының жеңімпаздары қаржылай сыйлық пен облыс имамының алғыс хатымен марапатталды.
Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен білім сайысын алдағы уақытта облыс деңгейінде өткізу жоспарланды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
taglym.kz
09.01.2024
3278
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру