Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Айнакөл ауылында жаңа мешіт ашылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 08.01.2024 986 0 пікір
Павлодар: Айнакөл ауылында жаңа мешіт ашылды

Қасиетті жұма күні Павлодар облысы Ақсу ауданына қарасты Қ.Қамзин ауылдық округінің Айнакөл ауылында жаңа мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мешіттің ашылу салтанатына Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Ақсу ауданының әкімі Нұрлан Шайхсләмұлы және аудан, қалалық жауапты қызметтегі азаматтар, кәсіпкерлер, ақсақалдар, әжелер, ауыл халқы жиналды.

«Мешіт Ақсу ауданы көлемінде 12, ал Павлодар облысындағы 108-мешіт болып тіркелді. Ғимарат құрылысы Айнакөл ауылының тұрғыны Ерсін Еркінұлы Қазқановтың бастамасымен 2021 жылы басталған еді. Ары қарай аталмыш ауылдың, Ақсу, Павлодар және Астана қалаларының кәсіпкерлері мен азаматтарының демеушілік қаражаты мен қайырымдылықтары арқылы толық салынып ауыл халқының игілігіне табысталып отыр» деді облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Ашылу рәсімі қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, мешіт құрылысына қатысқан белсенді азаматтарға облыстың бас имамы және аудан әкімінің алғыс хаттар табысталды. Әжелер шашу шашып, аталар алқалы батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру