Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: 717-баспана кілті табысталды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 04.01.2024 1217 0 пікір
Жамбыл: 717-баспана кілті табысталды

Жамбыл облысында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында мешіт имамына 5 бөлмелі пәтер сыйға берілді.

Атап айтқанда, Жамбыл ауданының Жалпақ төбе ауылындағы «Тұрғани» мешітінің имамы Рахматулла Каримов пен бірлігі жарасқан жамағатының ұйымдастыруымен аталмыш мешіттің наиб имамы Ахлиддин  Машуев баспаналы болды.

Тұрын үй кілтін табыстау рәсіміне Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы келіп, аудан бас имамы Дәурен Құттыбаевпен бірге шаңырақ иелерін құттықтап, үй кілтін табыс етті. Отбасы мүшелерімен танысып, жас балаларға оқуда озат болуын тілеп, үйге береке, бақыт толсын деп дұға жасады.

Наиб имам қуанып, Аллаға шүкірлігін айтып ауыл тұрғындарына батасын берді. Мешітте тапжылмай таңнан кешке дейін шәкірт оқытып, 200-ге жуық оқушы тәрбиелеп, халық үшін қызмет атқарып жүрген дін қызметкеріне көпшілік осылайша алғысын жеткізді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру