Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Үшқоңыр» медресе-колледжіне азық-түлікпен көмек көрсетілді

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 28.12.2023 877 0 пікір
«Үшқоңыр» медресе-колледжіне азық-түлікпен көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысындағы өкілдігі кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында «Үшқоңыр» медресе-колледжіне 700 кг жуық (ұн, қант, күріш, макарон өнімдері және т.б.) азық-түлік және 80 кг кір жуғыш ұнтақ табыс етілді.

«Зекет және қайырымдылық» қоры игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру