Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Имамдар жылдық есеп тапсырды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 27.12.2023 1178 0 пікір
Ақмола: Имамдар жылдық есеп тапсырды

Ақмола облысының аудан және қала имамдары Көкшетауда жылдық есеп тапсырды.

Басқосуда облыс имамы Қуаныш Сәбит жақында Бас мүфтидің шешімімен марапатталған «Науан хазірет» мешітінің наиб имамдары Диас Байжігітов пен Әділбек Нұржауарға алғыс хаттарын табыс етті.

Жуырда Мүфтиятта өткен Төралқа мәжілісінде Ерейментау ауданындағы «Тоқан хазірет» мешітінің тазалықшысы Амангелді Айтмағамбетов арнайы аталым бойынша марапатталған еді. Бұдан кейін әр өңірден келген имамдар жыл бойы атқарған жұмыстарын саралады. Жағымды жұмыстармен қоса, кемшін тұстар да тілге тиек етілді. Әсіресе, Мүфтияттың негізгі тапсырмаларының ойдағыдай орындалғаны, діни оқу-ағарту және насихат жұмыстары да өз ырғағымен жүзеге асқаны аталып өтті. Бүгінгідей діни ахуал барысында ой толғайтын мәселелер де айтылды. Асыл дініміздің ұлттық салт дәстүрмен біте қайнасқан жайларына да тоқталды.    

Басқосу соңында бас имам өз атынан барша имамдарды атқарылған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді. Ал, Қызылсуат ауылының имамы Саят Серікұлы (Целиноград ауданы) «Үздік ауыл имамы», Қосшы қаласының имамы Төлеген Арғынбайұлы «Үздік аудан имамы», Жақия мешітінің бас имамы Алмат Махмұтұлы (Көкшетау қаласы) «Үздік қала имамы» аталымдары бойынша үздік деп табылып, алғыс хатпен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру