Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАН КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 27.12.2023 1165 0 пікір
АЛМАТЫДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАН КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

Алматыда діни рәсімдерді атқарудағы бір ізділікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған имамдарға арналған 3 айлық Құран курсы аяқталды. 

Шаһар бас имамы Төлеби Дәділұлы өкілдіктің ұйымдастыруымен өткен курстың қорытынды жиынына қатысты. Курста имамдарға тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен құран сүрелерін қатесіз оқу бойынша дәрістер өткізілді. 

Құран Кәрімді тәжуид ережелеріне сай оқу курсына екі топқа бөлінген 50 имам қатысты. Курс соңында Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, қари Мансұр Инаятулла мен Орталық мешіт ұстазы Баубек Бердіғалиұлы имамдардан тәжуид ережелері, намаз дұғалары, Құран сүрелері бойынша емтихан алып, білім деңгейлерін тексерді. Нәтижесінде курсты сәтті аяқтаған дін қызметкерлеріне Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы куәлік табыстады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру