Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНАДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 25.12.2023 1372 0 пікір
АСТАНАДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен шаһар шетіндегі «Әс-Сәлам» мешіті жанынан «Жанғали студенттер үйі» қайырымдылық мекемесі ашылды.

20 шәкіртке лайықталған қайырымдылық мекемесінің ашылу салтанатына ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбаев, қала бас имамы Ерболат Жүсіпов және өкілдіктің жауапты мамандары қатысты.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған игі шара барысында қатысушылар жатақхана жұмысына сәттілік тілеп, ізгі лебіздерін білдірді. «Әс-Сәлам» мешітінің тұрақты жамағаты Мұқаметқали Сайдалинов ақсақал ақ батасын берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру