Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Шәкірттер арасында DINTELLECT зияткерлік сайысы өтті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 20.12.2023 953 0 пікір
Ақмола: Шәкірттер арасында DINTELLECT зияткерлік сайысы өтті

Көкшетау қаласындағы «Болашақ» сарайында DINTELLECT зияткерлік сайысы өтті.

Мешіт шәкірттерінен құралған қатысушы командалар логикалық сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар негізінен ел және дін тарихы, Құран тағылымдары жөнінде болды.

Сөйтіп, бас жүлде «Ықылас» мешіті шәкірттеріне бұйырды. Ал, «Ғалым» және «Шойымбек Әбілкәрімұлы» мешітінің командалары қалған жүлделі орындарды еншіледі. Олар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

Осы шараға арнайы келіп қатысқан ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы өзінің жылы лебізін білдіріп, жақсы бағасын берді. Үздік шыққан команда «DINtellect» республикалық байқауға жолдама алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру