Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: «Иман және Ислам» атты шара өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 19.12.2023 832 0 пікір
Алматы облысы: «Иман және Ислам» атты шара өтті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Алматы облыстық өкілдігі қыздар» секторы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінде «Иман және Ислам» тақырыбында шара ұйымдастырды.

Ізгі шараны Балқаш ауданының бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы ашып, отбасы мықты болса, одан құралған қоғам да, Отан да соншалықты мықты болатынын атап өтіп, отбасындағы тәрбиенің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы ислам дінінің бейбітшілік діні екенін, озбырлық, біреуге күш көрсету мұсылман адамның табиғатына жат қылықтар екенін, иман дегеніміз Алла Тағаланың әмірлері мен Оның елшісі Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін жүрекпен толық қабылдау екенін жиналған жамағатқа түсіндіріп өтті.

Танымдық шараға қатысушылар тақырыпты талқылауға белсене қатысып, дәріскерлерге сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру