Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Бас имам марапатталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 19.12.2023 1024 0 пікір
Өскемен: Бас имам марапатталды

ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің бас имамы Ермек Қасболатұлы «Шығыс Қазақстан облысы Грамотасымен» марапатталды.

Марапатты сыйбалас жемқорлыққа қарсы күресі күніне арналған алқалы шарада облыс әкімі Ермек Көшербаев бас имамға табыс етті. Облыс әкімі: «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өкілдіктің және облыстық мешіттің үлесі зор. Жемқорлыққа қарсы белсенді насихат жүргізіп, адалдық қағидаттарына насихаттаудағы еңбектеріңіз үшін осы марапат беріліп отыр» деп атап өтті.

Бас имам салтанатты жиында жемқорлықтың дінімізде айыпталған әрекет екендігін айта келе, имамдардың жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстарын жүйелі жүргізіп, «мемлекеттік мекемелермен өкілдік арасында бірлескен бірқатар ағарту шаралары жүзеге асып келеді» деп атап атап өтті. Сонымен қатар бас имам Ермек Қасболтұлы жемқорлыққа қарсы күресте асыл дініміздің қағидаларын насихаттап, өз үлесін қоса беретіндігін жеткізіп, алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру