Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Өрлік ауылында мешіт ашылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 15.12.2023 2466 0 пікір
Атырау: Өрлік ауылында мешіт ашылды

Атырау облысы Индер ауданының Өрлік ауылында бой көтерген «Арал Хазірет» мешіті ашылды.

Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған 25, адамдық мешіттің ашылу салтанатына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып, жергілікті тұрғындарды қуанышты жаңалықпен құттықтады. Бұл – Атырау облысы бойынша ашылып отырған 49-мешіт.

«Алла Тағала адамзат баласына асыл діні арқылы сауабы үзілмейтін іс жасауға жол көрсетіп қойған. Ол шексіз сауап жазылатын амалдың бірі – халыққа, қоғамға пайдалы ғимарат салу болса, соның ішіндегі ең ізгіліктісі мешіт салу екен.

Мешіт – мұсылман қауымының Жаратушы иемізге кіршіксіз құлшылық жасап, шынайы тәубеге келетін, жабырқаған жанына жұбаныш беретін, арман-тілегін Аллаға ақтарып, дұға тілейтін мінәжат үйі. Сонымен бірге, «азаны бар ауыл азбайды» деген де тамаша сөз бар» деді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Ауыл мешітіне Қайрат Хабиболлаұлы имам болып тағайындалды. Мешіт жанынан сонымен бірге имам үйі салынған.

Мешіт ашылу құрметіне құлшылық үйінде алғаш рет жұма намазы оқылып, насихат айтылды. Сонымен бірге, жергілікті спорт кешенінде ауыл тұрғындары арасында спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру