ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Қостанай облыстық өкілдігінің ұйытқы болуымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Құсмұрын бекетінде тұратын көпбалалы әкеге баспана берілді.
Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы, «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі Бақытжан Икрам Әулиекөл ауданына арнайы барып, қайырымдылық акциясының 712-баспана кілтін Бағлан Мұхтархановқа табыстады. Бұл – осы жылы Қостанай өңірінде берілген 12-баспана. Сондай-ақ Құсмұрын бекетінде ғұмыр кешіп жатқан алты баланың әкесі тұрақты жұмысқа орналасты.
Шаңырақ иесі жанашырлық танытқан барша азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
15.12.2023
2669
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру