Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Индер ауданында мешіт ашылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 13.12.2023 1382 0 пікір
Атырау: Индер ауданында мешіт ашылды

Атырау облысының Индер ауданына қарасты Елтай ауылында жаңа мешіт ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Бұл –облыс бойынша қызмет етіп жатқан 48-мешіт.

Жаңа мешітке ұлт зиялысы Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі берілді. Құлшылық үйінің ашылу рәсіміне Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып, жергілікті тұрғындарды құттықтады.

«Дүние тіршілігінде  пенде өзінің артынан ізгі іс қалдыруды қалайды. Бізге бұл дүниеде сауапты амал жасауға мүмкіндік мол. Сондай шексіз сауаптың бірі – халыққа, қоғамға пайдалы ғимарат салудың қатарында мешіт салу. Мешіт – мұсылман қауымның Жаратушы иемізге кіршіксіз құлшылық жасап, шынайы тәубеге келетін, жабырқаған жанына жұбаныш табатын,  арман-тілегін Аллаға ақтарып, дұға тілейтін мінажат үйі. Ал, мешіттің жанынан діни дүниетанымын арттырып, рухани білімін дамытып, тәлім аламын дегендер үшін тәрбие ордасы» деді бас имам .

Жаңа мешіт 200 орындық. Онда ерлер, әйелдерге арналған намаз оқу залы, Құран оқу бөлмесі бар. Заманауи таһаратхана да жабдықталған. Шара барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы мешіттің салынуына ықпал еткен кәсіпкерлерді, демеуші азаматтарды марапаттады.

Сондай-ақ игі шара барысында мешіт жанынан имам үйі де пайдалануға берілді. Бұл Атырау облысы бойынша дін қызметкерлеріне беріліп отырған 16-қызметтік баспана.

Заман талаптарына сай тұрғызылған баспанаға инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, қызметтік үй толықтай жиһазбен жабдықталған. Облыс бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы үйде Құран оқып, ауыл ақсақалдары бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру