Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Екі ауданға имам тағайындалды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 12.12.2023 1613 0 пікір
БҚО: Екі ауданға имам тағайындалды

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек және Бөкей-Орда аудандарына жаңадан бас имам тағайындалды.

Өңірдің бас имамы Самат Әлібаев Бәйтерек ауданына арнайы сапармен  барып, жамағатқа ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған имам Алмат Әмірұлын таныстырды. Ал бұған дейін имандылық жолында қызмет атқарған Мақсат Саматұлына алғыс айтып, жаңа бас имамның қызметіне сәттілік тіледі. Алмат Әмірұлы 1996 жылы Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келген.

Сондай-ақ «Орал» медресе-колледжінің директоры әрі «Ар-Рахман» мешітінің ұстазы Талғат Искалиев Бөкей-Орда ауданында болып, Закария Мербек Мақсатұлын бас имам қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жамағатқа таныстырды. Мербек Мақсатұлы «Орал» медресе-колледжінің түлегі екенін еске саламыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру